Жоғалған отбасыға қатысты іс: күдікті Индонезияда қалай ұсталды?

Сағыныш Сардарова 27 ақп. 2026 13:39

Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті ұсталған видео жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстаған болатын. Онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған.

Видеоны мына жерден көруге болады.

Еске салайық, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке ілінген.

Бүгін Индонезия полициясы күдікті күйеу баланың суретін жариялады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove