Атыраудағы кісі өлтіру ісі: күдікті Индонезияда ұсталды

Самал Асқар 24 ақп. 2026 18:53

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Атырау облысында жасалған аса ауыр қылмысқа күдіктіні Индонезия Республикасында ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz

ІІМ мәліметінше, ер адам Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында қолға түскен. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша күдікке алынған.

Сондай-ақ онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қарашада Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмыстан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көмген, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген.

Қазіргі уақытта күдіктілерді Қазақстанға депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove