Жылу беру маусымындағы кемшіліктер: Саран әкімі қызметінен босатылды

Сағыныш Сардарова 29 қаз. 2024 20:55 2768

Саран әкімі Еркін Баулықов жылу беру маусымының басталуында жіберген олқылықтары үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды", - деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Ол бұл қызметті бір жылдан аса ғана уақыт атқарды.

Қазан айының ортасында құрылысы 10 жылға созылып, биыл салынып біткен жаңа орталық қазандықтағы ақауларға байланысты Сарандағы 168 үй жылусыз қалған еді.

Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар