Айтуынша қазір ол Ыстамбұлдағы клиникалардың бірінде ем алып жатыр. Бұдан бұрын әншінің қос бүйрегін ауыстыру қажет деген ақпарат тараған, алайда Жігердің өзі мұны жоққа шығарды.
«Сүйікті тыңдармандарым, менің денсаулығыма алаңдап, дұға-тілектерін арнап жатқан ақ жүрек жандар айтар алғысым шексіз, Жаратқан шаңырақтарыңызға иман нұрын, берекесін құйсын. Осы Ыстамбұл қаласындағы клиникада қаралудамын, Аллаға шүкір, жақсы нәтижелер шығарып жатыр. Еш уайымдамаңыздар. Ота ештеңе жасалмайды. Өкінішке орай, БАҚ өкілдері арқылы атын естісе ел шошитын ақпараттар тарап кеткен екен. Ондай қорқатындай жағдай емес. Еш уайымдамаңыздар. Бәрі жақсы, дін аманбыз. Рахмет сіздерге», – дейді Жігер.
https://www.instagram.com/p/BS0-xVujjsJ/?taken-by=zhan_ahmadiev