Жезқазғанда екі жас жігіт қылмыс ізін жасыру үшін бейнебақылау камерасын сындырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға түнгі уақытта болған. Күдіктілер жеке тұрғын үйдің ауласына заңсыз кіріп, орнатылған бейнебақылау камерасын бұзып, өздерімен бірге алып кеткен. Осылайша жасалған қылмыстың ізін жоймақ болған.
Алайда камераға жазылған бейнематериал электронды сақтау жүйесіне автоматты түрде жіберіліп үлгерген. Соның арқасында полиция күдіктілерді анықтап, көп ұзамай ұстады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 20 жастағы екі қала тұрғыны қолға түскен. Олар өз кінәларын толық мойындаған.
