Шараны өткізудегі мақсат – тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, тіл оқыту орталықтары жұмысын біріздендіру, озық іс-тәжірибені тарату, оқу-әдістемелік жұмысты жандандыру болып табылады.
Байқауды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Гүлнар Бітебекова ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Алты кезеңнен тұрған байқауға 10 орталық қатысып, бақтарын сынады. Олардың арасында оза шауып, алға шыққандарын облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы марапаттап, жүрекжарды лебізін де білдірді.
Сонымен, «Үздік ұжым» байқауының бас жүлдесін «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі иеленді. Ал бірінші орынға «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістімелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай аудандық филиалы лайық деп табылды. Екінші орынды Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістімелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қапшағай қалалық филиалы, үшінші орын Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістімелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұйғыр аудандық филиалына бұйырды.
Байқау жеңімпаздарына басқарманың арнайы дипломы мен ақшалай сыйлығы табысталды.