Жетісуда 80 млрд теңгеге заңсыз балық ауланған

Қаракөз Амантай 28 там. 2025 11:40

Жетісу облысының табиғатты қорғау прокуратурасы Еуропаға заңсыз шығарылған балық көлемі 80 миллиард теңгеден астам екенін анықтады. Бұл туралы ресми деректерде орын алған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, 20-дан көп аффилиирленген ұйымдар құрылып, олардың ешқайсына балық аулауға жарамды су айдыны бекітілмеген. Сонымен қатар бұл ұйымдарда аулау квотасы немесе экспорттық рұқсат болмағаны айтылады. 

Ең ерекше дерек, бір кәсіпкерлік ұйымның 270 тоннамен шектелген квотасы болса да, 4 920 тонна балық экспорттағаны, яғни бұл шектен 18 есе асып кеткені анықталды. Оның ішінде 2 096 тоннасы өзінің аффилиирленген компаниялары арқылы экспортталған.

Қорғау органының есеп беруіне сәйкес, бұл әрекеттердің салдарынан төрт субъект пен олардың байланысы бар компаниялардың мемлекетке келтірген шығыны 80 миллиард теңгеден асты. 

Осы фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 234-бабы ("Экономикалық контрабанда") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар