Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) департаменті Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы (ХШЫО) «Қорғас» еншілес үш компаниясының бәсекелестікке қайшы әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атап айтқанда, «Қорғас-Коммерц» ЖШС, «Қорғас-Энерго» ЖШС және «Қорғас-Сервис» ЖШС-нің қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері тіркелді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, сот шешімінен кейін бұл кәсіпорындар бұрынғы форматта жұмысын тоқтатты.
Антимонополиялық орган бұл компанияларды жекешелендіруді және оларды бәсекелестік ортаға беруді ұсынды, бұл олардың нарықтық жағдайларда қызметін жалғастыруына мүмкіндік береді.
Бұған дейінгі ұқсас жағдайлар
Еске сала кетейік, бұған дейін “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының еншілес компаниясы «KTZ EXPRESS» АҚ заңсыз тапқан табысы үшін айыппұл арқалаған еді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылы компания көлік-экспедиторлық қызметтер үшін белгіленген комиссиялық төлемдерді 30%-ға дейін көтерген. Тергеу нәтижесінде 10 114 304,84 теңге заңсыз табыс ретінде тәркіленіп, 853 379,7 теңгекөлемінде айыппұл салынды.
Соттың шешімімен “KTZ EXPRES” АҚ бәсекелестік заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды.