Жетісу облысында қауіпті медициналық қалдықтарды заңсыз кәдеге жаратқандар ұсталды

Ақтоты Жапатова 18 қыр. 2025 10:47

Жетісу облысында медициналық қалдықтарды жою кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокуратура мәліметінше, лицензиясы жоқ мердігерлерге қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша келісімшарттар жасалған 8 дерек тіркелген.

Заң бойынша, Г санатындағы медициналық қалдықтар аса қауіпті болып саналады және олардың жойылуы міндетті түрде лицензиясы бар кәсіпорындарда жүргізілуі тиіс. Бұл талапты сақтамау халық денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей қауіп төндіреді.

Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері негізінде тәртіп бұзған мердігерлерге 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, тапсырыс беруші мекемелердің 8 жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар