Freedom Inside '26

Иманғали Тасмағамбетовтің алдында күй тартқан өнерпаз әсерлі жазба жариялады

Иманғали Тасмағамбетовтің алдында күй тартқан өнерпаз әсерлі жазба жариялады
ozgeris.info

Дәстүрлі күйші Әлия Қарамұхан Атырауға барған сапарында мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовпен бірге түскен суретін жариялап, ерекше әсерін бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ozgeris.info мәліметінше, өнер иесі бұл сапардың өзі үшін айрықша есте қалғанын жазып, Иманғали Тасмағамбетовке алғысын білдірді.

Әлия Қарамұхан алғаш рет Хал-Жарық ағамен бірге сапарлас болудың өзі үлкен мәртебе екенін атап өтті. Сондай-ақ осындай жауапты істі сеніп тапсырған ағасына ризашылығын жеткізіп, бұл сенімге лайық болуды тілеген.

Күйшінің айтуынша, Атырау сапарында Иманғали Тасмағамбетовтің алдында күй орындау бақыты бұйырған. Ол қоғам қайраткерінің ақ батасын алған сәтін өміріндегі ұмытылмас кезеңдердің бірі деп бағалады.

Өнер иесі сол ерекше сәтте "әр күніміз – тарих" деген сөздің мәнін терең сезінгенін айтып, мұндай қуанышты сәттердің ұзаққа жалғасуын тіледі.