Жетісу облысында жұмыссыз жастарға арналған гранттық жоба басталды

Ақтоты Жапатова 21 мам. 2025 12:18

Жетісу облысында жастардың бастамалары мен кәсіпкерлік әлеуетін қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік Ұрпақтары» гранттық жобасы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Аталған жоба 18–35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға арналған және олардың әлеуметтік, ғылыми, мәдени және кәсіпкерлік бағыттағы жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты — жастардың ел дамуына қосар үлесін арттыру, олардың өз кәсібін ашуға, ауыл шаруашылығы мен өндіріс салаларында жұмыс жасауына, сондай-ақ креативті және экологиялық бағыттарда дамуына қолдау көрсету.

Гранттар келесі 6 бағыт бойынша беріледі:

  1. Мал және балық шаруашылығы;
  2. Өсімдік шаруашылығы;
  3. Сүт өнімдерін өндіру;
  4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
  5. Қолөнер және шағын өндіріс;
  6. Агротуризм және экотуризм.

Әрбір жеңімпазға қайтарымсыз қаржылай қолдау беріледі. Қаражат қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды алуға, жұмыс орнын жабдықтауға және жобаны іске қосуға жұмсалады.

Өтініш қабылдау мерзімі:

2025 жылдың 15 мамырдан 15 шілде аралығында.

Қатысу шарттары:

  • 18–35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
  • жұмыссыз мәртебесінде тіркелуі;
  • жобалық ұсынысты және бизнес-жоспарды ұсынуы;
  • жобасын Жетісу облысы аумағында іске асыруы.

Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы жастарды аталған мүмкіндікке белсенді қатысуға шақырады.

Грант – тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар өз арманыңды жүзеге асыру мен табысты кәсіпкерлік жолға қадам басудың алғашқы сатысы.

Толық ақпарат пен кеңес алу үшін хабарласыңыз:

Дамира, 8 707 929 12 72;

Назерке, 8 707 755 58 46;

Маржан, 8 747 160 46 37.

Электрондық пошта: tauelsizdik.jetisu@mail.ru


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар