Жетісу облысында депутатты пышақтап кеткен адам ұсталды

Dalanews 17 қаң. 2024 03:49 965

Жетісу облысында Алакөл ауданы мәслихатының депутатын пышақтаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жетісу облысында осындай қылмысқа барған күдіктіні полицейлер көпке ұзатпай қолға түсірді. Ер адам Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты пышақтап тастаған.

Полиция қылмысқа Слямовтың қызметінің қатысы жоқ деп отыр. Дәурен Слямов кездейсоқ кикілжің кезінде ажал құшыпты. Үшаралдағы салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшылар төбелесіп, депутат араша түскен көрінеді. Сол кезде суық қаруын ала жүгірген қаскөй, пышағын Слямовқа сұғып алған. 37 жастағы азамат оқиға орнында тіл тартпай кетті.

"Күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екені анықтады. Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ұсталған адам Алакөл ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. уға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", - дейді Жетісу облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Нұрболат Шаму.  

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар