Жетісу облысында 327 мың га жайылымдық жер айналымға енді

Dalanews 13 мау. 2023 06:38 821

2022 жылы Жетісу облысындағы жер ресурстарын аэроғарыштық түгендеу жұмыстары нәтижесінде пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,077,2 мың гектар жер анықталғанын бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысының айтуынша игерілмей жатқан жердің 857,2 мың гектары жайылымдық жер екен. Қабылданған шаралардың арқасында сол жайылымдық жердің 327 мың гектары айналымға енгізілген.

Спикер өз сөзінде өткен жылы Мемлекет басшысының облысқа келген сапарында берген бірқатар тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстардың қатарында пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару шараларының барысына кеңінен тоқталып өтті.

Мәселен, өткен жылы осындай 1,077,2 мың гектар жер анықталған. Сол анықталған жерлер қатардағы 857,2 мың гектары жайылымдық жердің бүгінде қабылданған шаралар нәтижесінде 327 мың гектар айналымға енгізілген, 401,7 мың га жер иелеріне заң бұзушылықтарды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілсе, 128,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылған (6,9 мың гектарегістік жер, о.і. 3,6 мың – суармалы; шабындық – 300 гектар; жайылым – 121,3 мың гектар). Қалған 220 мың гектар биыл қайтарылуы тиіс. Бүгінгі күнге қайтарылғаны 101,4 мың гектар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар