Жетісай ауданының орталығында Жетісай қаласының 55 жылдығы аясында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жиынға арнайы аудан әкімі Серік Мамытов қатысып, аймақтағы үздік шаруаларды марапаттады. «Жеңіс» алаңында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өндірген өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ, алаңда ұлттық тағамдар дайындалып, аудан тұрғындарына ұсынылды. Қаланың 55 жылдығына орай, 55 метрлік кәуап пен 55 сантиметрлік самса дайындалып, шаһар тұрғындары мен қонақтарына таратылды.

- Бұдан өзге, орталық саябақта жасөспірімдер арасында кіші футболдан ауданның ашық біріншілігі мен «Алыптар сайысы» өтті. Ауданда тұңғыш рет өткізілген байрақты бәсекеге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы Азамат Мақұлбеков қонақ ретінде арнайы қатысты.