Қала әкімі Жеңіс Қасымбек жұмысқа кіріске бетте қаладағы үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесіп, олардың мәслесін талқылады. Бүгінде үлескерлер «Future home», «Арыстан», «Зере-2» тұрғын үй кешенінінің ұзақ жылдан бері күтіп жүр. Аталған тұрғын үй кешендері ең күрделі болып саналады. Мұнда жылдар бойы 600-ден астам үлескер отбасы үйінің кілтін күтіп жүр.
Айталық, «Future home» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Нысанның өзі 6 жыл бұрын проблемалы деп танылған-ды. Бұл тұрғын үй кешенінде 200-ге жуық үлескер бар. Нысанның дайындығы 40%-ды құрайды. Осы орайда екі блокты бұзуға тура келгенін айта кеткен жөн. Себебі құрылыс жұмысын қайта бастау үшін жарамсыз деп танылған.
Ал «Арыстан» тұрғын үй кешенінде 450-ге жуық үлескер отбасы бар. Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешені проблемалы құрылыстың ірі нысандарының бірі болып саналады. Оны беру кезінде нысанның тек 20-30%-ы ғана дайын болған.
«Арыстан» тұрғын үй кешені бірнеше блоктан тұрады, оның бір бөлігі аяқталды – шамамен 270 үлескерге баспана кілті табысталды. Қаланың жаңа басшысы қалған блоктарды да аяқтауға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
Сол сияқты кездесуде тұрғындар нөсер кәрізін салу, жылы аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу секілді өзге де мәселелерді көтерді.
Құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан – «Зере-2» тұрғын үй кешені 6 жыл бұрын проблемалы деп танылды. Мұнда 230 үлескер отбасы өз пәтерін күтіп жүр. Нысанды беру кезінде тек шұңқыры қазылған күйде ғана болған. Қазіргі уақытта құрылысы қайта жанданды, алайда жұмыс қарқынын арттыру қажет.
Осыған дейін әкімдік қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша үлкен жүйелі жұмыс жүргізген болатын. Үлестік құрылысқа тиесілі 51 нысанның ішінде 15-інің проблемасын шешу қалды. Оның 7-еуін биыл аяқтауды жоспарлануда. Тағы 8 нысанды (бұл 30-дан астам тұрғын үй кешені) 2023 жылы аяқтауды алдыма міндет етіп қойдым.
– Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында. Үлескерлердің проблемаларын шешу – бұл біздің міндетіміз. Басты мақсатымыз – үлескерлердің өз пәтерлеріне кіріп, қоныс тойын тойлауына барынша жәрдемдесеміз. Біз тұрақты негізде құрылысы ұзаққа созылған нысандардың, аудандардың, елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, жағдайды жіті назарда ұстаймыз. Кездесу барысында айтылған проблемаларды шешу мәселесін қолға алдық, Қаланың жаңа басшысы, – деді елорда әкімі.