Ол 2012-2015 жылдар аралығында елшіліктен қомақты ақша ұрлаған.
– Елшілік ғимаратын салған бас мердігер «Активбизнесплюс» ААҚ-ға төлем жасалды деген жалған шығыс кассалық ордер әзірлеу арқылы 207 мың доллар мөлшерінде бюджеттік қаражат ұрлаған, – деп хабарлайды ұлттық бюро.
Сондай-ақ, осы кезеңде А.Сейдуалиев елшілікке Беларусь Республикасының салық органдарынан қосылған құн салығын қайтару ретінде түскен 474 883 долларды да жымқырған.
Ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 681 883 АҚШ долларын құрайды.
Қазіргі уақытта А.Сейдуалиев Астана қаласы ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.