Желтоқсанның басында күн райы құбылмалы болады

Сағыныш Сардарова 01 жел. 2025 12:43

Желтоқсанның басында күн райы құбылмалы болады. Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, салдарынан жаңбыр, қар жауады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Батыста, 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктер мәліметінше, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар