Желіде министр Қарабаевтың даулы аудиожазбасы тарады

Көркем Алдабергенова 01 там. 2024 17:36 4153

Көлік министрі Марат Қарабаев Қатон-Қарағай мен Кендірлідегі шағын авиацияны дамыту қаншалықты орынды екені туралы сарапшылардың да, өзінің қоластындағылардың да, азаматтық авиация комитетіндегілер мен «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлерінің де ойын пысқырмаған. Бұған болжам бойынша, Кендірлі, Катон-қарағай және Зайсандағы әуе қатынасын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестегі ер адамдардың әңгімесі (аудиосы) дәлел. Олардың біреуінің даусы Қарабаевқа ұқсайды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Kaztag-қа сілтеп. 

«Ашығын айтайын, маған да вице-министр, комитет, «Қазаэронавигация» шағын авиация жетеді дейді. Үлкен әуе кемелері Кендірлі мен Катон-Қарағайда керек емес дейді. Бірақ барып келдім ғой, менің ойым мүлде басқаша болып қайтты», - дейді аудиода Қарабаев.

Бірақ Қарабаев миллиард теңгеге бола майдаланып кетпеген.

«Егер әңгіме 6-7 миллиард теңге жайлы болса, үлкен авиацияны үлкен әуе кемелері үшін жасауды жөн көремін», - дейді Қарабаев.

Аудиода бұл әңгіме айтылардан бұрын туристік салаға қатысы болуы мүмкін маман (сарапшы) сөйлейді.

«Оңтүстік Америкадағы Аргентина, Бразилия, Чили, Аустралияны қарастырсақ болады. Қазақстандағы туризм сол елдердегідей дамып келе жатыр. Егер 100 шақырым периметрді қарастырсақ, мысалы Ақтаудан Кендірліге дейін 60 шақырым болса, ол жерде авиация салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Кіші авиацияны ол жерде Бозжыра болса ғана дамытсақ болады», - дейді сарапшы.

Қарабаев сарапшының сөзін бөліп, үлкен әуежай салудағы басты фактор - қала құраушы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны себеп екенін айтады.

Сонымен қатар, ол алдын ала талдау ұйымдастыру қажет емес екенін айтады.

«Бізде жоспар жасағыш, даму бағдарламасын жасауды ұнататындар бар. Келесі жылы жасасам деп едім... Себебі егер қазір талдау жүргізіп, оны «Прайс Вотерхаусқа» (PricewaterhouseCoopers (PwC) жіберіп, біреуді шақырып, ол... Ақыры, менің түсінуімше, 2026 жылы қандай да бір талдау жасап, біреуі қолдайтын, біреуі қарсы шығатын екі топ пайда болады. Одан да жасап, сонымен құтылайық», - дейді Қарабаев. Ол мысал ретінде туристер Алакөлге жететін Үшаралдың әуежайын келтіреді.

Ал сарапшы көрсетілген аймақтарда туризм маусым қызған уақытта ғана жұмыс істейтінін айтады.

«Менің ойым былай: Қатон-Қарағай бойынша, ол жерде ауа райына байланысты қиындық туындауы мүмкін. Негізі өзім де Қатонға да, Алакөлге де барып тұрамын, ол жақтағы проблеманы білемін, Балқаштағы туризмді де дамытып жатырмын. Алакөлде әуежай бар, оны дамыту керек, келісемін, бірақ ол жер тек маусым қызғанда ғана жұмыс істейді, қыста жұмыс істемей тұрады. Яғни климаттық жағдай...», - дей бастаған кезде Қарабаев сарапшының сөзін қайтадан бөліп жібереді.

Сөйтсе Қарабаев аңшылық туризмге басымдық беретін болып шықты.

«Мен Зайсанда да болдым. Ол жерде жазда да, қыста да аңшылық қызып тұр. Сондықтан бірден ауқымды әуежай салынса дедім. Мен де бірнеше рет Қатон-Қарағайға бардым, басқа жерде де болдым. Иә, түсінемін, ол жерде туристік маусым қысқа, ары кетсе үш ай. Мамырдың ортасынан, қыркүйектің ортасына дейін. Бірақ мен ол әуежайдың сапасы жақсы болса, оның артынан бренд қалыптасып, қысқы маусымда да туристік маусымды дамыса деймін. Осындай идеология болса деймін. Ұзақ талқыламай, Қатон-Қарағай, Кендерліге кіші авиация жасаймыз ба, әлде бірден үлкенін жасаймыз ба – осы жайлы ой айтсақ», - дейді Қарабаев.

Сарапшы өңірде Қаратаев айтып отырғандай аңшылық алқап көп емес екенін айтады. Тіпті оның аргументтерінен туристік саланың өкілі мемлекеттік ақшаның тиімді жұмсалуына Қарабаевқа қарағанда көбірек алаңдаулы ма деген әсер қалады.

«Ол жерде аңшылық алқап аз екенін мен де білемін. Ары кетсе 4-5-еу. Туризмнен тек Қатон-Қарағай. Әрине, оған келісемін. Бізге алдағы 10 жылда келетін адамдарды зерттеу керек. Мемлекет инвестиция құяды, бірақ ол жұмыс істемейді. Менің ойымша, ол жерде шағын авиацияны дамыту керек. Себебі шатқалдарда, таулы аймақтарда Cessna Caravan секілді ұшақтар ұшады. Оларды Америкада, Аляскада көрдім. Қатон-Қарағайға ұқсас Канадада да шағын авиация ұшады. Яғни ол экономикалық тұрғыда пайдалы емес», - дейді сарапшы.

Аудиода Қарабаевтың ойын қолдағандар да табылды. Бірақ олардың айтқанынан бюджеттің миллиардтаған ақшасын солар игергісі келетіні аңғарылған.

Сонымен қатар, Қарабаев пен болжам бойынша «Қазаэронавигация» өкілінің арасындағы әңгіме ерекше көзге түседі. Ол авиациялық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша министрдің құзыретіне күмән келтіреді.

Қарабаев: Перрон, жермен жүру жолдарын іске қосқандарыңызды көрдім ғой. Маған ұшу-қону жолағы керек, перрон да, жермен жүру жолдары да әзірге керек емес. Жалпы жермен жүру жолдары болуы керегін түсінемін. Қалғанын іске асырдыңыздар ма? Қазіргі уақытта тек ұшу-қону жолағын және әуе терминалы кешенінің жұмысын бастау керек. Осыдан бастап есептеу керек.

«Қазаэронавигация»: Біз оны есептедік, шамамен 900 миллион теңге.

Қарабаев: Яғни үнемдеп отырмыз ғой?

«Қазаэронавигация»: Иә. Бірақ егер ұшақ сынып қалса, оған екінші ешкім отыра алмайды. Оны жөндеу жұмысы 900 миллионға кірмеуі мүмкін.

Қарабаев: Жақсы, демек авиациялық қауіпсіздік талаптары тұрғысынан алғанда ол міндетті ғой? Жақсы, онда түсінікті. Онда жермен жүру жолы керек. Онда қосымша 900 миллион керек бола ма?

«Қазаэронавигация»: Иә.

Көлік министрлігі аудодағы ер адам Қарабаев екенін растамаған да, жоққа да шығармаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар