Желіде жедел жәрдем қызметкерлері науқасты теуіп жатқан видео тарады

Сағыныш Сардарова 24 қар. 2025 09:10

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем қызметкерлері науқасты теуіп жатқан видео тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа медициналық көмек көрсетпей, көшеде қалдырып кеткені туралы видео - фейк видео.

"Видеодағы адамдар қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері емес. Киім үлгісінде ҚР-дағы жедел медициналық көмек бригадалары үшін міндетті мемлекеттік және ведомстволық белгілер жоқ. Киімнің түс гаммасы мен үлгісі Қазақстанда қолданылатын бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді. Бұдан бөлек, роликтегі оқиға 2024 жылғы 11 наурызда Волгоград қаласында болғаны және сол уақытта ресейлік БАҚ-та кеңінен жарияланғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік пікірінше, бұрын болған және тергелген істі Қазақстанның жедел жәрдем қызметімен байланыстыру - азаматтарды әдейі жаңылыстыру.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар