Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Кәмшат Тілеухан 04 қаз. 2025 15:07

Синоптиктер Қазақстанда ертең, 2025 жылдың 5 қазанында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Еліміздің солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар жауады деп күтіледі. 

Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, ал шығыста көктайғақ болады деп күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылордада, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында,  шөлейтті аймақтарында, Атырау олысының солтүстігінде, оңтүстігінде,  шығысында, Жамбыл өңірінің батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күннің ауа райы болжамымен бөліскен болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар