“Жеке өмірімде шаруаңыз болмасын”: Халыққа дөрекелік танытқан Дәулет Мұқаевтың видеосы көптің талқысына түсті

Dalanews 22 қаң. 2024 04:25 570

Астанада  мәжіліс депутаты әрі көпшілікке танымал блогер Дәулет Мұқаев наразы халықпен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Әлеуметтік желіде көпке көмек қолын созып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп келген депутаттың қарапайым тұрғынмен сөзге келген видеосы тарады. Мұнда Мұқаевтың сұрақ қойған әйел адамға дөрекілік танытқанын байқауға болады.


Видео авторының мәлімдеуінше ол сұрағына жауап ала алмаған.

“Мен сізге сұрағыңызды жазбаша жазыңыз деп айтып отырмын. Сіздің сұрағыңызды министрге қоямын. Парламент депутаты - үкімет пен халық арасындағы көпір. Мен сізге айтып отырмын ресми түрде жазыңыз. Сол жазбаңызды министрге жіберемін” - дейді Дәулет Мұқаев. 

Алайда оны видеоға түсіріп, сұрағын қайта-қайта қойған видео авторына депутат ашуланғанын жеткізеді.


“Сізге не болды. Ол мені түсіріп, кайфует. Все түсірмеңіз. Обед уақыты - менің жеке өмірім. Бірден екіге дейін. Сіздің менің жеке өмірімде шаруаңыз болмасын. Полиция шақырыңызшы” - деп сөзін жалғайды депутат.


Ал видеоға байланысты халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі оны жақтаса, бірі даттап жатыр. Желі қолданушылары “Депутатқа сайланғанша бәрі жақсы ғой”, “Дәулет - өте жақсы ер азамат, осындай қатындар шаңқылдап сөз бермейді”, “Жап-жақсы депутат еді ғой, не болған?”, “Мына әйел тәртіпсіз екен” деген пікірлерін жаудырған.


Еске салсақ, Дәулет Мұқаев 2023 жылы Мәжіліс Парламентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес жеке мандатты округ бойынша ҚР Мәжілісі Парламентінің депутаттығына сайланды. Бұл қызметке келмес бұрын халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша үлес қосты. Көпбалалы отбасылар мен білімді жастарға қолдау көрсетіп, мұқтаж жандарға көмек беретін “Dauletten қайырымдылық қорын” ашты. Қор осы күнге дейін 57 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады. Осындай атқарылған істер мемлекет тарапынан бағаланып, 2020 жылы Президент Қ.К. Тоқаевтың қолынан “Ерен еңбегі үшін” мемлекеттік марапатына ие болды.


 

[video width="576" height="1024" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2024/01/v09044g40000cmf32v7og65nnhefupr0.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар