Атап айтсақ, 11.06.2021 ж. «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Айжан Есентаева №178 лицейдің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, зерттеуші педагог, «Педагогикалық панорамалар идеясы» фестивалінің жеңімпазы Айман Ауелбековамен бірлесіп «Жазғы мектепте қазақ әдебиетінде көлемді шығармаларды оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік тренинг ұйымдастырып, «Қалай оқыту керек?», «Дара диаграмма әдісі», «Оқылым стратегиялары», «Мәтінмен жұмыс», «Анализ және интерпретация», «Бағалау және салыстыру» бойынша тәжірибелік әдістерімен бөлісті. Тренингке №96 ЖББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Зульфия Борашева бастаған қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Іс-шара соңында сабақ өтудің тиімді әдістерін ұсынған спикерлерге ризашылықпен алғыстарын білдірді.
Перуза Асылбек