Аумақтық соттың бұл шешімін АҚШ-тың Әділет министрі бірден мақұлдаған. Ресей Украина жеріне басып кіргелі бері АҚШ пен ЕуроОдақ елдері орыс олигархтарының дүние-мүліктеріне шектеу салуын жалғастыруда.
– Біздер АҚШ-тың қаржы жүйесін айналып өтуге тырысқан, қаржы қымқыру ісімен айналысқан және санкция бұзған олигархатарды заң аясында жазалауды жалғастыра береміз, – деді АҚШ-тың прокуроры Дамиан Уильямс.
Ал АҚШ-тың Федеральді тергеу бюросы директорының көмекшісі Майкл Дрисколл Ресейдің Украинаға ашқан соғысын қолдаған олигархтардың бәрі жазадан қашып құтылмайтынын айтты.
АҚШ Қаржы министрінің құрамындағы Шетелдік активтерді басқару басқармасы (OFAC) арестке алынған ұшақ Андрей Скочқа тиесілі екенін бірнеше фирмаларды тексереу барысында анықтаған.
Орыс олигархының Airbus ұшағының нарықтағы бағасы 90 млн доллар екен естеріңізге саламыз.