Жайық деңгейі көтерілді: Оралдағы қазіргі жағдай қандай?

Сағыныш Сардарова 22 сәу. 2024 09:36 2182

Оралда Жайық өзені деңгейі көтерілуіне байланысты саяжайларды су басқан. ТЖД қазіргі таңда Орал қаласы қауіпсіз аймақта екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, Орал қаласындағы су басудың қауіпті деңгейі - 8,5 метр. Ал саяжай жақтағы қауіпті деңгей - 6,5 метр. Сол себепті сәуір айының басынан саяжай тұрғындары алдын ала қауіпсіз жерге көшірілген. Әсіресе, 1,2,3 Саяжай, Венера, Речник, Стеновик және тағы басқа серіктестік тұрғындары қауіпсіз аймаққа жеткізілді.

Эвакуациядан бас тартқан азаматтар құқық қорғау қызметкерлерінің күшімен көшірілген. Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

"Күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілсе, қазіргі уақытта олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

БҚО Теректі ауданында құтқарушылармен және жергілікті медицина қызметкерімен 2 моторлы қайықта адам құтқарылған.

Құтқарушылар адамға алғашқы көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Орал қаласының маңында су басу аймақтарынан ТЖМ күштерімен саяжай учаскелерінің 60-тан аса тұрғыны металл жүзу құралдарымен эвакуацияланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар