Оның ішінде 17 аудан, қала бойынша 6 қала, 3 кент, 46 ауыл округ, 3 ауыл, 6 орталық базар мен 51 елдімекенде кездесулер ұйымдастырылған. Жалпы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалар 7283 жас арасында қамтылған.
Түсіндірме жұмыстары жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру мақсатында жүргізілген. Насихат жұмыстары барысында аудан, қала жастарына «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау-Бизнес» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде мәліметтер берілген.
Бұдан бөлек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие мен 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар таратылды.
Биыл бұл бағдарлама аясында 594 жас 5 млн теңге көлемінде шағын несие ала алады. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кездесулер мен насихаттау жұмыстары жылдың соңына дейін жалғаспақ.