Жастарға жаңа мүмкіндік

Dalanews 28 там. 2015 10:48 207

«Кәсіпқор» холдингі» және Cambridge Inter national Examinations Астана қаласында A-Level – халықаралық үлгідегі білім беру бағдарламасының ашылғанын жариялайды! Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі!

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Кәсіпқор» холдингі» коммерциалық емес акционерлік қоғамы және Cambridge International Examinations бірге коммерциалық негізде Advanced level халықаралық үлгідегі білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды бастайды.

A-level бағдарламасы – бұл оқу мерзімі 2 жылға созылған ағылшын оқушылары, сонымен қатар шетел оқушылары үшін университетке түсуге арналған дайындық курсы болып саналады. Оқуға қабылдаудың негізгі талабы ағылшын тілі бойынша білім деңгейі жоғары болуы шарт.

Сонымен, Астана қаласындағы екі жылдық оқуды аяқтағаннан кейін және емтихандарды тапсырғаннан кейін халықаралық үлгідегі A-level сертификатын ала алады. Аталған сертификат бітірушілерге Ұлыбританияның, АҚШ және басқа да мемлекеттердің үздік университеттеріне түсу мүмкіндігіне ие болады (Harvard University, Cambridge University, University of Oxford, London School of Economics and Political Science, Yale University және т.б.).

A-level бағдарламасының негізгі ерекшеліктері – жоғары біліктілік, оқуға түсу үшін университеттердің көп түрі, ұсынылатын пәндердің әртүрлілігі, студенттерді аяқталмаған орта біліммен және 10 сыныптан кейін қабылдаудың жолы, ҰБТ тапсыру туралы сертификат қажет еместігі, іріктеу байқауына қатысу үшін ағылшын тілі кем дегенде IELTS 5.0 болуы тиіс  және үміткер қосымша жұмысшы мамандығын алу мүмкіндігіне ие болады.

2 жыл ішінде студенттер A-level бағдарламасының 3-4 пәні бойынша, яғни математика, физика, акт, өнер және дизайн, туризм және қонақ үй ісі, экономика және басқа салалар бойынша терең білім алады. Осылайша оқытылған пәндер таңдап алынған сала бойынша оқуға түсу мүмкіндігін арттырады. Мысалы, болашақ инженерлер A-level жоғарғы математика, физика, ақпараттық технология сияқты пәндерді таңдап алатынын атап айтуға болады.

Әрбір тыңдаушы 2 жылдан кейін Ұлыбританияның тәуелсіз емтихандық агенттігімен бағаланатын тәуелсіз қорытынды емтиханынан өтеді. Тапсырмалар барлық елдер үшін және барлық тыңдаушылар үшін бірдей болады. Нәтижесінде тыңдаушылар әр пән бойынша бір баға, яғни «А+»-тен және «Е»-ге дейінгі бағалар алады. Мұнда А өте жақсы.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79-45-15, +7 747 326 85 22 телефондары, www.kasipkor.kz сайты мен student@tvet.kz поштасынан жауап алуға болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x