«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша орташа жалақы 129,7 мың теңге болды

Көркем Алдабергенова 26 нау. 2026 11:57

2026 жылы «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында 35 жасқа дейінгі жұмыссыз 25 мың түлекті жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаға қатысушылар алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тәжірибе кезеңінде әр қатысушыға жұмыс беруші тарапынан тәлімгер бекітіледі. Ол кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

Жалақы жұмыс берушілер ұсынатын мәліметтер негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын төленеді. Қаражат екінші деңгейлі банктерде ашылған қатысушылардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына аударылады.

2026 жылдың ақпан–наурыз айларында жоба аясында 423 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаға қатысушылар жұмысқа орналасқан мамандықтар:
медбике/мейіргер – 124 адам
заңгер – 66 адам
шетел тілі мұғалімі – 57 адам
тәрбиеші – 47 адам
бастауыш сынып мұғалімі – 43 адам


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove