– Аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен 1987 жылы туылған «С» есімді азамат ұсталған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ол уақытша оқшалау абақтысына қамалды. Қазір тергеу амалдары жалғасу үстінде. Айта кететін жәйт, бұрын-соңды бұл азамат бұзақылық дерегі үшін қылмыстық жауапқа тартылған, – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қайғылы оқиға жексенбі күні Алматының элиталы ауданындағы Latifa тұрғын үй кешенінде болған.
Тәулікке жалға берілетін пәтерде 18 жасар қызды қылқындырып өлтірген соң өртеп жіберген. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасына түсіп қалған 34 жастағы күдіктінің ұсталғанын растады.
Ал тұрғындардың бойжеткенді жеңілжүрісті деп жария қылған ақпаратты департаменттегілер жоққа шығарды. Полиция қаскөйдің неліктен мұндай жауыздыққа барғанын және өзге де мәліметтерді тергеу құпиялығына байланысты жарияламады.
Нұртілеу Жылқышыбай