Ішкі істер министрлігі ЖСН-ді өзгертуге қатысты әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты түсіндірді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес дерегін өзгертуге құқылы.
"Алайда ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", - деді ІІМ өкілдері.