«Жарқын болашақ» олимпиадасы басталды

Dalanews 19 ақп. 2018 08:55 1396

ШҚО білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы, Семей қаласының «Білім-Инновация» лицейі және Өскемендегі «Нұрорда» мектеп-лицейі бірлесе отырып қазақ тілінен республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңін ұйымдастырды.

– Біз оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын оятуды көздей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдеби және рухани мұрасын насихаттауды қолға алдық. Мұндай байқаулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті мен мәдени көзқарасын дамытуды мақсат тұтып отырмыз, – дейді байқаудың ұйымдастырушылары.

Білім сайысында 7-10 сынып оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі мен қазақ халқының әдебиеті, тарихы және салт-дәстүрі бойынша білімдері сыналамақ.

Жыл сайынғы дәстүрлі олимпиада аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұрады. Байқауға қатысушылар «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» атты бес бағыт бойынша бақ сынайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар