Бұдан бөлек, азаматтар су жүйесінің ескіргенін жеткізді. Ауыл тұрғындары үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жаңғырту қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, ауыл жастарының спорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізетін спорт ғимаратын салу бастамасын ұсынды.
– Мен осында қала әкімімен бірге сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдап, мәселелеріңізді қарау үшін арнайы келдім. Осы кездесуде көтерілген мәселелердің барлығы ескеріліп, жоспарымызға сай шешілетін болады. Жарқын ауылын дамыту маңызды мәселелердің бірі және ол Семей қаласын дамытудың бас жоспарына енгізілген, – деді Нұрлан Ұранхаев.
Бүгінде Жарқын ауылында 700-ге жуық адам тұрады. 2023 жылы 8,3 шақырым жолды жөндеу жұмыстары аяқталып, жол белгілері орнатылып, балалар және спорт алаңдары ашылған болатын.