Жаркентте ұшақ құлады

Dalanews 27 шіл. 2017 17:22 871

Алматы облысы, Панфилов ауданында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Жүгері алқабына дәрі сеуіп жүрген ЯК-12 ұшағының ішінде ұшқыштан бөлек, тапсырыс беруші жақтың өкілі болған.

Апатқа ұшыраған ЯК-12 ұшағының техникалық ақауы болмаған. Оқыс оқиға Жаркент қаласынан 7 шақырым жердегі Шолақай ауылында болған.

Қайғылы жағдайды жергілікті тұрғындар ұялы телефонына түсіріп алыпты. Бейнежазбада шаруашылыққа арналған шағын ұшақтың қанаттары қирап, алдыңғы бөлігі отқа оранғаны көрінеді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенімен ұшақты қызыл жалыннан арашалап алып қала алмады. Қазір осы жайтқа байланысты, Азаматтық авиация комитеті тергеу шаралары аяқталғанға дейін ел аумағында ЯК-12 ұшақтарын қолдануға тыйым салып отыр.

Автор: Ербол Тұрымбет

КТК арнасы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар