“Жақын жылдары ыдырайды”. Белгілі қазақстандық саясаткер Ресейге қатысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 17 жел. 2025 17:15

Белгілі саясаткер және бұрынғы сенат депутаты Уәлихан Қайсар Ресейдің экономикасы мен саяси жүйесі әлсіреп, ыдырауға жақындағанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі жағдай Кеңес Одағының соңғы кезеңдерін еске салады. Бұл туралы ол Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Мен Ресейдің ыдырайтынына сенімдімін. Тіпті, 30-35 жылға жеткізбей ыдырайды деп ойлаймын. Қазір елде ақша тапшылығы орын алып отыр”, — дейді ол.

Осы тұста ол Ауғанстандағы жағдайды мысалға келтірді.

“Ауғанстанға 1979 жылдың желтоқсанында кірдік. Онда 15 жылға жуық уақыт болдық. Сол кезде әлем Ресейге санкциялар сала бастады. Сол санкциялар экономикасын әлсіретіп, ақыры құлдырауға әкелді.

Содан кейін республикалар Кремльде ақша жоқ екенін байқап, өз жолдарын іздеуге кірісті. Егер бөлек болса, жағдай басқаша болар еді”, — деді ол.

Саясаткердің пікірінше, қазіргі Ресейде ақша тапшылығы, саяси және экономикалық дағдарыс бар. Бұл елдің болашағына әсер ететін басты фактор.

“Олардың жағдайы бұрын-соңды болмаған деңгейде нашар”, — деп түйіндеді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар