Жантүршігерлік пойыз апаты: қайтыс болғандар саны өсті

Сағыныш Сардарова 19 қаң. 2026 16:51

Әлеуметтік желілерде Испанияның оңтүстігінде болған ірі пойыз апаты кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы оқиға жексенбі күні Кордова провинциясындағы Адамус қаласы маңында тіркелген.

Малагадан Мадридке бағыт алған жоғары жылдамдықтағы пойыз рельстен шығып, қарсы бағытта келе жатқан құраммен соқтығысқан. Кейінгі ресми деректерге сәйкес апат салдарынан кемінде 39 адам қаза тапқан. Көптеген жолаушы түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Құзырлы органдар оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Апат орнына шұғыл қызметтер жұмылдырылған, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Испанияда екі пойыз рельстен шығып, 21 адам қаза тапқаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove