3 ақпанда желіде Руслан Жанпейісовтің анасының Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған видео үндеуі пайда болды. Тұрсынкүл Жанпейісова ұлының Қызылордада жазасын өтеп жатқанын айтады.
"Қазіргі уақытта Қызылорда облысының прокуратурасы жазаны ауыстыруы үшін оның бостандыққа шығуына кедергілер келтіріп жатыр. Бір айдан астам уақыт бұрын сот шешімімен Бейбарыс Райымбеков босатылып, отбасына оралуы керек еді. Бірақ прокуратура оны колонияда заңсыз ұстап отыр. Ол Бас Прокурорға шағым жазды, бірақ хаттың уақытында Бас прокурорға жетпеуі үшін облыстық прокуратура оны орта жолдан ұстап, түпнұсқаны алып қойған", - деді назалы ана.
Бас прокуратура Қызылорда сотының блогер жазасын 7 ай 21 күн мерзімге бас бостандығын шектеу үкімімен алмастырғанын растады. Бұл 2020 жылдың 7 желтоқсанында болған.
Сот мұндай шешімді қабылдау үшін Жанпейісовті сипаттайтын мәліметтер (еңбекке қатынасы, жазаны өтеудің белгіленген тәртібі, тәрбиелік шаралар және т.б.) жеткілікті деп санады.
Бірақ биылғы жылдың 28 қаңтарында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы прокурордың жеке өтінішін қарап, бұл шешімнің күшін жойды.
Сот сотталған адамның мінез-құлқын бағалау кезінде оның түзелгенін көрсететін барлық жағдайларды ескеруі керек екендігі атап өтіледі (тәрбиелік шараларға қатысуы, мекеменің қоғамдық өмірі, көтермелеу және т.б.). Бірақ сотта Жанпейісовті түзелді деп айтуға негіз болған жоқ.
ЗК-169/4 мекемесіне Райымбеков Б.К. 2020 жылдың 6 қазанында келіп түсті және материалды қарау кезінде ешқандай ынталандыру болмағаны, оның мінез-құлқының деңгейі анықталмаған. Осыған байланысты сот, сотталған адамды түзу жолға түсті деп санауға жеткілікті негіздер жоқ деген қорытындыға келді, - дейді Бас прокуратура
Руслан Жанпейісовтің түрмедегі мерзімі 2021 жылдың 29 шілдесінде аяқталады.
Айта кетсек, бұған дейін "сауатсыз полицияларды аулаушы" деген лақап атқа ие болған Жанпейісов заң бұзушылық үшін бір айдан астам уақыт әкімшілік қамауға алынған болатын. Жалған құжаттар жасағаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Қамауға алынғаннан кейін босатылған кезде қоғам белсендісі бұдан былай Қазақстандағы полиция қызметкерлерін түсірмейтінін айтып, Ішкі істер министрлігін сынағаны және басқа да түсірген видеолары үшін кешірім сұраған.
Желіде блогердің сотталуына себеп деген оқиғаның видеосы да бар.
https://youtu.be/G8heFaFz6-A