Жаңбырдан кейін Алматының тынысы ашылды

Сағыныш Сардарова 09 жел. 2025 12:34

Жаңбырдан кейін Алматының тынысы ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Синоптиктер бір апта бұрын желтоқсанның басында күн райы күрт құбылып, жаңбыр жауып, қар ұшқындап, жел соғатынын айтқан еді. Қаланы тұмшалап тұрған түтін мен шаңнан арылуға осы сеп болған.

Ауа сапасын бақылайтын халықаралық ұйым IQAir деректеріне қарағанда, қаланың ластану көрсеткіші де едәуір жақсарған.

Кейінгі айларда Алматыдағы ауа сапасы нашарлап, антирейтингтерден түспей келген еді. Бірақ табиғаттың алай-дүлей мінезі мен селдіреп жауған аз ғана жауынның өзі қаланың аспанын қайта ашты.

Айта кетейік, 1 желтоқсаннан бастап Алматының жергілікті атқарушы органдары автопаркті жаңарту мақсатында жаңа экологиялық ережелер енгізді. Атмосфераны қорғау ережелерін әзірлей бастады, ол құжат қазір келісіліп жатыр.

Сонымен қатар, желтоқсанның алғашқы күндерінде Алматыда қатты отын пайдаланатын кәуапханаларға бақылау да күшейді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер көпшілік тамақтанатын орындарға жоспардан тыс 12 тексеріс жүргізіп, 10 заңбұзушылықты анықтаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар