Жаңаөзенде қыз алып қашқан бес жігіт сотталды.

Көркем Алдабергенова 15 сәу. 2026 10:30

Маңғыстау облысында сот қызды еркінен тыс көлікке күштеп отырғызып әкету фактісі дәлелденді деп танып, бес айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 16 желтоқсанда түнде үйіне кіріп бара жатқан қызды бейтаныс адамдар ұстап, күштеп көлікке салып әкеткен.

Қылмыстық іс "Адам ұрлау" және "Некеге мәжбүрлеу" баптары бойынша қаралып, сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, былтыр Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, адамды некеге мәжбүрлеу үшін 10 жылға дейін жаза қарастырылған. Соған қарамастан, қыз алып қашу деректері елде әлі де кездесіп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove