Жаңаөзенде жоғалып кеткен әйел сегіз айдан бері іздестіріліп жатыр
Көркем Алдабергенова20 нау. 2026 10:03
Жаңаөзенде 47 жастағы Дина Жарылғасоваға іздеу жарияланды. Ол былтыр тамыз айында жоғалып кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kzLada.kz-ке сілтеме жасап.
Lider.kz іздестіру қозғалысы еріктілерінің мәліметінше, әйел 1-шағынауданда тұрған. 2025 жылғы 5 тамыз күні шамамен сағат 19:00-де ол үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Жоғалған әйелдің белгілері: бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі орташа.
Жоғалған күні Дина Жарылғасова ақ бұршақты қара көйлек пен оюлы ұзын қызыл кеудеше киіп шыққан. Қасында хаки түстес шағын сөмкесі болған.
Туыстары мен еріктілер әйелді көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдардан хабарласуды сұрайды.