Жанәбіловтерге жаңа жаза мерзімі сұралды

Сағыныш Сардарова 27 сәу. 2026 16:06

Прокурор Олжас Хайроллаев заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен келген қаражатты заңдастыру күдігімен айыпталған блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты мәміле бойынша ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік айыптаушы Ерболат Жанәбіловке екі жыл жаза тағайындауды сұрап, Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолдана отырып, мүлкін тәркілеумен бірге шартты түрде бас бостандығынан айыруды ұсынды.

Ал Эльмира Төлегеноваға екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оны қауіпсіздігі ең төмен мекемеде өтеу және жазаның орындалуын екі жылға кейінге қалдыру ұсынылды.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Эльмира Төлегенова сотта соңғы сөзін айтты. Блогерлер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, қылмыстық жолмен келген ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру бойынша айыпталып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove