Жаңа Салық кодексінің даулы тұсы: казино неліктен ҚҚС-дан босатылды?

Сағыныш Сардарова 31 жел. 2025 09:20

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Құжат қоғамда көп сұрақ туғызып, қызу талқыланып жатыр. Әсіресе, ең көп дау тудырған нормалардың бірі - казиноларды қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатып, ал медициналық қызметтерге ҚҚС енгізу мәселесі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов бұл шешімді казинолар бизнесінің ерекшелігімен түсіндірді. Оның айтуынша, елде казино саны аз, ал әрбір қаржылық операцияға ҚҚС салынса, олар шығынға батуы мүмкін. Сонымен қатар, таза табыстан салық есептеу де күрделі.

Депутат онлайн-казиноларға қатысты мәселе әлдеқайда өзекті екенін де жасырмайды. Әсіресе, шетелдік платформалар бақылаусыз қалып отыр, ал оларға тартылған азаматтар саны алаңдатарлық деңгейге жеткен.

Сарапшылардың пікірінше, қаңтар-ақпан айларында азаматтар өзгерістерді қатты сезбеуі мүмкін. Алайда көктемге қарай жаңа Салық кодексінің салдары айқынырақ байқалуы ықтимал.

Еске салайық, бұған дейін тағы төрт облыста казинолар ашылатыны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар