Жаңа Қазақстанға жаңа Еңбек кодексі қажет - "Халық" партиясының төрағасы

Dalanews 23 ақп. 2023 11:51 795

Аталған өңірдің тумасы Ермұхамет Ертісбаев жергілікті мәселелерді жақсы біледі. Сондықтан ол бірінші болып «Арселор Миттал» кәсіпорнының ұжымымен кездесу үшін Теміртауға барды. 

Басқосу барысында ҚХП басшысы партияның еліміздің тау-кен-металлургиялық кәсіподақ ұйымдарымен ынтымақтастығы, сондай-ақ нақты секторды дамыту жоспарлары туралы айтты.

«Біз қолданыстағы жұмысшылардың құқын таптайтын Еңбек кодексіне қарсымыз! Жаңа Қазақстанға жалдамалы қызметкердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын толығымен қорғайтын жаңа Кодекс қажет! Біз – мықты және жұмыс берушіден тәуелсіз кәсіподақтарды қолдаймыз!

Бұдан басқа ҚХП ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару әділетті деп есептейді.


Сонымен қатар халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сай кеншілер мен металлургтердің жұмыс барысында денсаулығын жоғалтқан жағдайда қосымша ақы төлеуді, құқықтық қорғауды жақтайды», - деп атап өтті Ертісбаев

Ертісбаевтың сайлаушылармен келесі кездесулері Теміртау тұрғындарымен жалғасты. Кейіннен құрылысшылар, шағын орта бизнес өкілдері партия бағдарламасымен танысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстандағы олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып келеді» – деп мәлімдеді.

«Жұмыс беруші өндірістегі төтенше жағдай үшін және өз қызметкерлерінің өмірі үшін жауап беруі тиіс. Бұл отандық және шетелдік бизнесмендерге де қатысты», – деп атап өтті ҚХП Төрағасы.

Көшпелі кездесу жергілікті орталық әмбебап дүкен кәсіпкерлерімен қорытындыланды. ҚХП төрағасының Қарағанды облысына сапары жалғасып жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар