Смайыловтың кабинеті былтыр күзде доғарысқа кетуі керек еді деді депутат Ермұрат Бапи Dalanews.kz тілшісіне.
Оның пікірінше қымбатшылық пен кедейшілікке қарсы қарым қылып, үкіметтік бағдарлама ұсына алмаған премьер бен оның кабинеті біраз кешіктіріліп ауысып жатыр.
"Бірақ президент Тоқаев тағайындайтын ендігі үкімет орыстар айтпақшы, "шило на мыло" болмауы керек. Үкімет басына батыл, мінезді және үкіметті "бір шыбықпен айдайтын" премьер келуі тиіс. Елдегі экономикалық дағдарыстық жағдай осындай үкіметбасын талап етеді.
Егер "сен тимесең, мен тимен - бадыраң көз" тағы біреу келетін болса, президенттің экономикалық саясаты осы тұралаған қалпынан көтеріле алмайды", - дейді Бапи.
Депутаттың ойынша, нақты жағдайда премьерлік постқа Ерболат Досаев пен Нұрлан Ноғаевтың екеуінің бірі лайық сияқты.
"Иә, біріншісі доғалдау, дөрекілеу мінезі де көрініп қалып жүр. Бірақ бірнеше министрлік пен Ұлттық банкіні басқарған тәжірибесіне тең келер менеджер аз.
Ал Нұрлан Ноғаев мынау теңселіп тұрған заманда қоғаммен батыл жұмыс істей алатын әкім екенін көрсетті, шаруақор азамат", - деді мәжілісмен.