"Жаңа жылдық корпоративке тыйым салынады". Бекшин бұйрық шығарды

Dalanews 19 қар. 2021 08:18

Алматыда жаңа жылдық корпоративтік кештер ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жандарбек Бекшин дәмханалар мен мейрамхана иелерін көп адамдық банкеттерге тапсырыс алмауға шақырды.

– Менің жауабым ең алдымен кәсіпкерлерге бағытталады. Болды, ешқандай ұжымдық той-жиын өтпейді. Коронавирустың таралуы жалғасуда, ондай жағдайда корпоративтік кештер керек емес. Жағдай нашарласа, локдаунға қайта оралуымыз да мүмкін, – деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Қазір Алматы "жасыл" аймақта тұр. Келесі аптаның басында карантин жеңілдетіледі. Сол кезде қоғамдық тамақтану орындарына түнгі 3-ке дейін, ал Ashyq жобасының лидерлеріне таңғы 5-ке дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Орындарды 70 %-ға дейін толтыруға рұқсат берілуі мүмкін.

Сонымен қатар, Алматыдағы кейбір ұжымдар мен мекеме қызметкерлері қазірден-ақ жаңа жылдық корпоративтің қамына кірісіп, кемінде 15 мыңнан ақша жинап жатқандары да бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар