Жамбылда мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы сотталды

Сағыныш Сардарова 23 мам. 2025 10:12

Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы делдал болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы С.Үкімбаевқа, Тараз қаласының тұрғындары Э.Мурадовқа және Т.Телеуовке үкім шығарды.

Мұрадов пен Телеуов бұрын тәркіленген және сот шешімі бойынша жойылуы қажет темекі өнімін бергені үшін қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарына 200 мың АҚШ доллары сомасында пара бергені үшін, ал Үкімбаев парақорлыққа делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Сот үкімімен Мұрадовқа 10 жыл, Телеуовке 9 жыл, Үкімбаевқа 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Үкімбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар