Жамбыл облыстық мәслихат депутаты асылып қалған жерінен табылды

Жамбыл облыстық мәслихат депутаты асылып қалған жерінен табылды


Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Қайрат Терлікбаев асылып қалған жерінен табылды. Алдын ала нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін.





Облыстық прокурор қызметін уақытша атқарушы Айдос Майлыбаевтың журналистерге хабарлауынша, 56 жастағы Қайрат Терлікбаевтың 5 тамызда Луговойдағы өз үйінде асылып тұрғанын депутаттың әйелі көрген.

"Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Прокуратура өкілінің сөзіне қарағанда, марқұмнын денесінен зорлық іздері байқалмаған. Сот-медициналық сараптама Мерке ауылында жүргізіледі. Терлікбаев қоштасу хатын тастамаған.

Қайрат Терлікбаев "Қазақстан темір жолы" компаниясының филиалы "Луговой рельс желімдеу кәсіпорынының" директоры болып істеген.