Жамбыл облысында жүк вагондары соқтығысып, рельстен шықты

Көркем Алдабергенова 22 жел. 2025 11:01

Жамбыл облысында жүк вагондары соқтығысып, рельстен шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дереккөздердің мәліметінше, 2025 жылғы 20 желтоқсанда Жамбыл облысы аумағында вагондарды сұрыптау дөңесінен тарқату кезінде үш жүк вагоны соқтығысқан. Салдарынан үш вагон да рельстен шығып, қырына қарай құлаған. Пойыз құрамындағы 40 вагонның тұтқалары мен сатылары зақымданған. Оның ішінде екі вагонда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне тиесілі әскери-техникалық мүлік тасымалданған.

ҚТЖ жауабы

Оқиға 20 желтоқсанда сағат 21:25-те Түрксіб станциясы аумағында болған. Маневрлік жұмыстар кезінде тарқатылып жатқан вагондар жөнелтіліп жатқан жүк пойызымен бүйірінен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойыз қозғалысында шектеу болған жоқ, оқиға басқа құрамдардың жүру кестесіне әсер етпеген.

Қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде жүргізілді. Қазіргі уақытта Түрксіб станциясы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар