Жалға берілетін баспанадан өз пәтеріне дейін: жастарға арналған шарттар

Сағыныш Сардарова 18 қаң. 2025 16:26 405

Елорданың жалдамалы пәтерлерінде тұратын жұмыс істейтін жастар енді "Елорда жастары" бағдарламасы бойынша қосымша шарттарсыз пәтер сатып ала алады. Бұл әкімдіктің қолдауының арқасында жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Осыдан бес жыл бұрын Астанада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығы жоқ алғашқы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бұл мыңдаған қала тұрғынына бес жыл ішінде өз үйлеріне ақша жинауға мүмкіндік берді. Олар енді «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша пәтерін сатып ала алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға арналған бес жылдық жалға берілетін баспана бағдарламасына қатысуға 17 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Осы уақыт ішінде оларға үш мыңнан астам пәтер берілді.

Жалдамалы пәтерді алғаш алғандардың қатарында Нұрлыбек Мұратов та бар. Жас маман ретінде 2020 жылы баспаналы болды. Келісімшарт аяқталмай жатып-ақ, бірнеше жылдың ішінде ол ипотека бойынша бастапқы жарнаға ақша жинап, жеке пәтерін сатып алды.

«Бұл бағдарлама жұмыс істейтін жастар үшін баспанаға қолжетімді болуымен өте ыңғайлы және тиімді. Ай сайынғы төлем – бір бөлмелі болса 10 000 дейін. Отағасы ретінде мен ешқандай ауыртпалық сезінген жоқпын», - деді ол.

«Елорда жастары» бағдарламасы аясында еңбек шарты жарамды жастарға, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау, полиция және т.б. салаларда жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі азаматтарға басымдық беріледі.

Негізгі шарт – Астанада тұрақты тіркеудің болуы, соңғы бес жылда жылжымайтын мүліктің болмауы және тиісті табыс.

«Олар 18 миллионға дейін пәтер таба алады, ал бастапқы төлем 10% – 1 миллион 800 мың, ол 19 жылға, 5 пайызбен беріледі. Менің ойымша, бұл өте тиімді. Сондай-ақ олар қайталама және бастапқы нарықтан да пәтер сатып ала алады», - деп атап өтті елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Балжан Қолғанат.

Толығырақ ақпарат zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй қорының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар