Жалақысы көп емес: Қазақстанда ең көп сұранысқа ие мамандық белгілі болды

Көркем Алдабергенова 21 ақп. 2025 12:22 518

Қазақстанда ең көп сұранысқа ие мамандық белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Қазақстандық еңбек нарығында 2025 жылы ең көп сұранысқа ие мамандықтардың көшін сатушылар мен кассирлер бастады. Бұл туралы OLX аналитикалық қызметі хабарлады.
 
Сарапшылардың дерегіне сәйкес, бір жыл ішінде 7974 сатушы вакансиясы жарияланып, оларға 652 424 адам өтініш берген. Бұл жұмыс орындарына ұсынылған орташа жалақы 150 мыңнан 245 мың теңгеге дейін жетеді.
 
Сатушылардан кейінгі сұранысқа ие мамандықтар:
  • Сатушы-кеңесші – 3481 вакансия, 219 384 адамнан өтініш түскен. Жалақысы - 170–275 мың теңге аралығында.
  • Сауда өкілдері – 2773 вакансия. Жалақы: 250–400 мың теңге.
  • Кассирлер – 2035 вакансия. Жалақы: 155–225 мың теңге.
  • Сату менеджерлері – 3743 вакансия. Жалақы: 225–447 874 теңге.
Сарапшылар қазіргі сатушы-кеңесші мамандығы бұрынғыдан айтарлықтай өзгергенін атап өтті. Бұрын тек тауар сату мен клиентке кеңес беру міндеті жүктелсе, қазір CRM-жүйелерді қолдану, онлайн тапсырыстармен жұмыс істеу, мессенджерлер арқылы кеңес беру дағдылары да талап етіледі.
 
Жұмыс берушілер әсіресе аналитикалық ойлау қабілеті, коммуникация дағдылары және нарықтың өзгерістеріне бейімделе білу қасиеттерін жоғары бағалайды.
 
Сарапшылардың пікірінше, сатып алу әдеттерінің өзгеруі мен технологиялық процестердің дамуы сатушылар мен сату саласындағы мамандардың рөлін қайта қарастыруға мәжбүр етуде. Онлайн-сауданың өсуі бұл мамандықтардың тек дүкендерде ғана емес, цифрлық платформаларда да сұранысқа ие болуына ықпал етеді.
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар