Жалағаш ауданында бір жыл ішінде бірде-бір ажырасу тіркелмеген

Қаракөз Амантай 13 қаң. 2026 13:30

Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданында кейінгі бір жыл ішінде бірде-бір неке бұзылмаған. Бұл көрсеткіш қоғамда сирек кездесетін жағымды үрдіс ретінде бағаланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы Үйтолған Жареке мұндай нәтиже аудан тұрғындарының отбасылық жауапкершілікке байыппен қарауының, өзара сыйластық пен сабырды жоғары қоюының көрінісі екенін атап өтті.

"Мықты ғой Жалағаштың жігіттері! Мойындаймыз", - деп жазды ол Facebook парақшасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove