Зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Ыстамбұлда ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды.
"2021 жылы желтоқсаннан 2022 жылғы маусымға дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен. 27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.
